Спорт

Әлем чемпионатынан жүлде алды

Жуырда Венгрия астанасы Будапештте гір спортынан әлем чемпионаты өтті.

Облыстық спорт басқармасының басшысы, гір спортынан 12 мәрте әлем чемпионы Евгений Гончаров бұл чемпионатта күміс медаль алды. Ол 32 келілік гір тасын 80 рет көтерген.

Евгений Гончаров — 27 мәрте ел чемпионы атанған спортшы. Ол 40 жасында да спорттық бабын сақтап, ұлттық құрамаға мүше болып отыр. Сондықтан оның күміс жүлдесі — үлкен жетістік.

Сондай-ақ ақтөбелік Бөгежан Аманбаев 65-69 жастағы спортшылар арасында әлем чемпионатының екі мәрте жеңімпазы атанып отыр. Ол екі сайыс қорытындысы бойынша және ұзақ көтеріп тұрудан өз жас категориясында бірінші болды.

Айта кетелік, бұл әлем чемпионатына 32 елден 450 спортшы қатысқан.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button